Сенбі күні QJ League-тің 14-туры аясында Жас Қыран мен Қайсар арасындағы ойын өтті.

Сенбі күні QJ League-тің 14-туры аясында Жас Қыран мен Қайсар арасындағы ойын өтті. Сағат 10:00-де басталған U16 жасындағы матч тең әрі тартысты өтті. 58-минутта Дінмұхаммед Мықтыбек соққан голдың арқасында алаң иелері Жас Қыран Қайсардан жеңісті жұлып алды. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Қазіргі уақытта Жас Қыран U16 турнирлік кестеде 8-орында тұр. Келесі қарсыласы — 5-орында тұрған Атырау. Еске салайық, өткен маусымда үйде өткен ойында дәл осы Атырауды Жас Қыран 1:0 есебімен жеңген еді. Орта жастағы U17 командасы ірі жеңіске жетіп, өз қақпасына гол өткізген жоқ. 4:0 есебімен аяқталған ойында алғашқы 2 минуттан бастап белсенді шабуыл жасалды. №8 нөмірлі ойыншы Назар Асхатұлы алғашқы голды соғып, есепті ашты. Араға 10 минут салып, Алан Луканин есепті еселеді. 49-минутта команда капитаны есепті 3:0-ге жеткізсе, 65-минутта Нұрдәулет Сәбит қорытынды нүктені қойып, есепті 4:0-ге жеткізді. Қазіргі уақытта U17 турнирлік кестеде 4-орында тұр. QJ League негізгі құрамында Жас Қыран U18 жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді. Соңғы екі ойында Ордабасы мен Қайсар қақпасына 4 голдан соқты. Сенбі күні өткен ойында алғашқы минуттарда нақты фаворит кім екені белгісіз болды — матч тең әрі бір деңгейде басталды. Алайда 17-минутта Сәкен Ілияс берген пас Жаңғазы Арланның аяғына дәл түсіп, ол есепті ашты. Төрт минуттан кейін, яғни 21-минутта, Қайсар ойыншысы Жанболат Әзімхан есепті теңестірді. Көп ұзамай Жас Қыран ойыншысы Ахметәлі Нұрланұлы қапталдан Жәңгірхан Жанқұразовқа дәл пас беріп, ол гол соқты — есеп 2:1. 65-минутта Бекжан Хафизовтың пасынан Мансұр Қартамысов үшінші голды соқты. Ал негізгі уақыттың 85-минутында Латиф Худайкуловтың пасынан Данил Николаев есепті 4:1-ге жеткізді. Қазіргі уақытта турнирлік кестеде Жас Қыран U18 екінші орында тұр. Бірінші орында — 8 ұпай артық жинаған Қайрат.

«Жас Қыран» мен «Ордабасы» арасындағы үш жас ерекшелігі бойынша өткен ойындар тартысты өтті

Өткен демалыс күндері «Жас Қыран» өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдады. Үш түрлі жас ерекшелігі бойынша өткен кездесулер жанкүйерлерге эмоцияға толы сәттер сыйлады. U16: Алғашқы болып алаңға шыққан ең жас ойыншылар – U16 құрамалары. Бұл кездесуде «Ордабасы» командасы 2:3 есебімен жеңіске жетіп, сырт алаңда өз мықтылығын көрсетті. U18: Сенбі күнгі негізгі матчта U18 құрамасы айқын басымдық танытты. «Жас Қыран» U18 командасы шымкенттік қарсыласы «Ордабасы 2008»-ді 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында Жәңгірхан Жанқоразов хет-трик жасап, нағыз шабуылшы шеберлігін көрсетті. U17: Жексенбі таңында өткен U17 құрамаларының кездесуі нағыз тартысты болды. Ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда екі голмен алға шыққан қонақтар алаң иелерінің екінші таймдағы шабуылына төтеп бере алмады. Нәтижесінде, есеп 3:3 болып теңесті. Ойындардың көркін қыздырған жанкүйерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы матчта «Жас Қыран» Қызылорданың «Қайсары» командасына қарсы ойнайды.

Жас Қыран "Атырауды" ірі есеппен жеңді

Екінші лига аясындағы кезекті турда "Жас Қыран" өз алаңында "Атырау" командасын қабылдады. Кездесу басталысымен-ақ алаң иелері басымдықты өз қолына алды. Бірінші таймда ойынның қарқыны жоғары болып, "Атырау" командасына шабуыл ұйымдастыруға мүмкіндік берілмеді. Ойынның 24-минутында шабуылшы Әмір Әліхан есеп ашып, командасын алға шығарды. Осы голдан кейін "Жас Қыран" шабуылдарын үдете түсіп, ойынның темпін бақылауда ұстады. Екінші таймда екі команда да бірқатар мүмкіндікке ие болды. Алайда 70-минутта Владислав Пищугин көзге түсіп, есепті 2:0-ге жеткізді. Араға аз ғана уақыт салып, 87-минутта Роланд Хануев үшінші голды соқты. Осы сәттен бастап "Атырау" мүлдем қорғаныста әлсірей түсті. Ойын соңына қарай қосалқы құрамнан шыққан Виктор Лакеев өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, 87-минутта және 90+5-минутта екі гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп: 5:0 — "Жас Қыранның" сенімді жеңісі!

Сырт алаңдағы тартысты кездесулер Ертіс – Жас Қыран

Жас Қыран командалары Павлодарда сырт алаңда «Ертіс» командасымен кезекті тур ойындарын өткізді. Барлық жас санатындағы кездесулер жоғары деңгейдегі тартыспен ерекшеленді. 🔹 U16: Жас қырандықтар мінез танытып, жеңіске деген құлшынысын көрсеткенімен, матч 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 🔹 U17: Керемет ұйымшылдық пен жігердің арқасында Жас Қыран қарсыласын 0:2 есебімен жеңіп шықты. Бұл ойын жастар командасының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. 🔹 U18 (Негізгі құрам): Тартысты өткен ойында есеп 1:1 болып тіркелді. Жас Қыран U18 командасы бұл маусымда әлі жеңілмей келеді. Сырт алаңдағы тең нәтижелердің арқасында команда турнирлік кестеде 4-орынға табан тіреді. Алда – маңызды ойын! 19 шілде күні Жас Қыран өз алаңында Астана командасын қабылдайды. Бұл ойын — жоғары жақтағы орындар үшін басты бәсекенің басталуы болмақ. 📍 Келесі матч: 🗓 19 шілде 🏟 Жас Қыран – Астана

Алматылық дерби: Екінші лигадағы 10 гол соғылған тартысты матч

Алматының қос командасы — Жас Қыран мен Джейран арасында өткен екінші лигадағы дерби нағыз тартысқа толы болды. Бұл кездесуде жанкүйерлер бір емес, 10 голдың куәсі болды. 🏃‍♂️ Жылдам бастама — Жас Қыраннан Жас Қыран ойынды өте белсенді бастап, алғашқы үш минутта-ақ есеп ашты. Бірінші тайм бойы басымдықты өз қолдарында ұстаған команда 3:0 есебімен алға шықты. 🔥 Екінші таймда голдар қарша жауды Ойынның екінші бөлігінде тартыс күшейе түсті. Джейран да шабуылға шығып, жауап қайтаруға тырысты. Дегенмен, алаң иелері — Жас Қыран өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, матчты 7:3 есебімен жеңіспен аяқтады. 🎯 Алаң ортасынан салынған керемет гол Матчтың ең есте қаларлық сәті — Бақтияр Елбаевтың алыстан соққан голы болды. Ол алаң ортасынан бағыттаған добын қақпаға дәл жеткізіп, тамаша голдың авторы атанды. Бұл сәт жанкүйерлердің ыстық қошеметіне ие болды.

Алматылық дерби: Қайрат – Жас Қыран

QJ League-тің 8-турында Алматының қос командасы – Қайрат пен Жас Қыран кездесіп, жанкүйерлерге тартысты матчтар сыйлады. U16 жас санатында Қайрат айқын басымдық көрсетіп, ойынды 8:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. U17 командасы жақсы қарқын көрсеткенімен, бірінші таймда жіберіп алған екі гол ойын тағдырын шешті. Қарсылас команда есепті сақтап қалды. U18 – QJ League-тің басты ойыны. Алғашқы 30 минутта Жас Қыран Қайраттың шабуылдарына табанды түрде қарсы тұрды. Алайда, тайм соңында, 46-минутта Қайрат стандарт жағдайдан есеп ашып, алға шықты. Екінші таймда ойын шын мәнінде шиеленісті өтті. 51-минутта Жас Қыран өз қақпасына пенальти алып келіп, есеп 2:0-ге ұлғайды. Бірақ ойынның тағдыры бұнымен шешілмеді. Жанкүйерлердің қолдауы мен алаңдағы қарқынның арқасында Жас Қыран ойынды өз қолына алды. 68-минутта Нурислам Қайратұлы есепті қысқартты. Ал 88-минутта сол Нурисламның пасынан Рамзан Муссаев есепті теңестіріп, матч 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша, 8 тур бойы жеңіліп көрмеген қос алматылық команданың бұл ойыны да тең нәтижемен аяқталды. Ешкім жеңілген жоқ – бұл дербиге сай нәтиже болды. Барша жанкүйерлерімізге Жас Қыранды қолдағандары үшін алғыс білдіреміз! Келесі турда Жас Қыран өз алаңында Каспий командасын қабылдайды. Матч жайлы толық ақпаратты Instagram парақшамыздан біле аласыздар!

Freedom Media Cyber Cup: Астанада ең ауқымды кибертурнир өтті

Маусым айында дәстүрлі QJ League кибертурнирінің үшінші маусымы өтті — бұл жолы Freedom Media Cyber Cup Лига тарихындағы ең ірі оқиғаға айналды. Турнирдің финалы алғаш рет Астанада ұйымдастырылды. Дегенмен, демалыс күндері PlayStation 5 платформасында EA FC 25 ойыны бойынша өткен жарыстар тек соңғы кезең болды. Гранд-финалға қатысу үшін ойыншылар өз клубтарында ішкі іріктеуден өтуі керек еді. Іріктеу турлары Freedom QJ League-тің ресми премиум серіктесі — Changan Kazakhstan компаниясының аймақтық дилерлік орталықтарында өтті. Нәтижесінде 22 клубтан үздік 22 ойыншы анықталып, елордаға жиналып, чемпиондыққа таласты. Жас Қыран ойыншысы плей-оффқа өте алмады Өкінішке қарай, "Жас Қыран" командасының өкілі Төлеген Жәңгір топтық кезеңнен өте алмады. B тобында өнер көрсеткен ол 7 ұпай жинап, 6 қатысушының ішінде 4-орынға жайғасты. Жақсы ойын көрсеткенімен, бұл плей-оффқа шығуға жеткіліксіз болды. Киберспорт — жаңа мүмкіндіктер алаңы Freedom Media Cyber Cup турнирі Қазақстанда киберспортқа деген қызығушылықтың қарқынды өсіп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұйымдастыру деңгейі, бәсекелестік рухы және қатысушылардың белсенділігі бұл саланың болашағы зор екенін көрсетті.

Балаларды қорғау күніне арналған мереке — GWM компаниясының қолдауымен

Балаларды қорғау күніне арналған мереке — GWM компаниясының қолдауымен 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай 120 балаға арналған ауқымды мереке өтті. Іс-шара біздің серіктесіміз — GWM компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жас қонақтар үшін қызықты ойындар, шеберлік сабақтары, сайыстар және дәмді балмұздақтан тұратын бай бағдарламалар дайындалды. Арнайы назар аударғандар: Футболкаға сурет салу шеберлік сабағы Футбол дартсы Велошейкер «Формула 1» жарыстары Жарқын трансформерлер «Жас Қыран» футбол клубының жас футболшылары клубтың логотипі бар фирмалық панамалар мен сәнді су бөтелкелерін сыйлыққа алды. Ересектер — ата-аналар үшін бөлек аймақ ұйымдастырылды: Коктейль үстелдері Фотозона Тамақтану аймағы «Формула 1» стиліндегі пит-стоп GWM компаниясының автокөлік көрмесі өтіп, бренд өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндік болды. GWM өз заманауи автокөлік желісін таныстырып, отбасы мерекесінің атмосферасын қолдады. Барлық қонақтар мен серіктестерге алғысымызды білдіреміз! Балалар — біздің болашағымыз. Бірге оны жарқын етеміз.

Сырт алаңдағы алғашқы жеңіс!

U-18 футбол клубы сырт алаңда Ақтөбе командасымен өткен тартысты кездесуде 0:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл — маусымдағы сырт алаңдағы алғашқы жеңісіміз. Ойын барысында екі команда да жоғары қарқынмен ойнап, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Алайда екі пенальти сәті біздің ойыншылар тарапынан мүлт кеткенімен, шабуылшы Абулмансур Қасымтай соққан жалғыз гол "Жас Қыранға" маңызды үш ұпай сыйлады. Қазіргі таңда "Жас Қыран" 10 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орынға жайғасты. Матчтан кейін команда бас бапкері ойынға қатысты өз пікірін білдірді: Ойын жақсы өтті. Әсіресе бірінші тайм тартысты болды – біз де, олар да шабуылдадық. Екінші таймда сәл қорғанысқа көбірек мән бердік, бір жағынан бізге сәл сәттілік те серік болды. Жалпы, қарсыласымыз өте ұнады – расымен де футбол ойнайтын, деңгейі жақсы команда екен. Бүкіл жігіттерге рахмет, бәрі де жарады! Алдағы уақытта үш апталық үзілістен кейін, матчтар жалғасын табады. 21 Маусым күні Жас Қыран өз алаңында Таразды қабылдайды.

GWM: Болашаққа пас

«Жас Қыран» футбол клубы GWM концернінің ресми дистрибьюторы — Haval Motor Kazakhstan компаниясымен серіктестігін жалғастыруда. QJ LEAGUE-нің үшінші маусымында жасөспірімдер командалары (U-16, U-17, U-18) үйде де, сырт алаңда да GWM логотипі бейнеленген фирмалық формада алаңға шығады. 🌟 Бұл серіктестік — спорт пен бизнестің сәтті одағы. GWM — интеллектуалдық технологиялар мен қауіпсіздікке басымдық беретін жетекші жол талғамайтын көлік, кроссовер және пикап өндірушілерінің бірі. GWM — әлемдік нарықта сапасы дәлелденген автоконцерн. Бренд әлем бойынша миллиондаған жүргізушілердің сеніміне ие болды. Қазақстанда GWM үш брендпен ұсынылған: сенімділік символы — Haval, премиум жол талғамайтын көліктер — TANK және қуатты пикаптар — GWM. 🤝 Біз үшін мұндай серіктестік — үлкен мәртебе. Бұл жай ғана футбол емес, бұл балалардың арманға апарар жолы және спортты дамытудың нақты үлесі. 👏 Балалар футболын қолдағаны және сенім білдіргені үшін Haval Motor Kazakhstan компаниясына алғысымызды білдіреміз!

Jas Qyran клубы QJ League 3 маусымының 2-турында Тобылдың жасөспірім командаларын жеңді

Jas Qyran клубы QJ League 3 маусымының 2-туры аясында Тобылдың жасөспірім командаларын ойсырата жеңді QJ League 3 маусымының 2-туры аясында Jas Qyran өз алаңында Тобыл клубының U-16, U-17 және U-18 жас ерекшеліктегі командаларын қабылдап, үш ойында да айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жалпы есепте 18:0 нәтижесі тіркелді. Алғашқы матчта Jas Qyran-ның U-16 командасы Тобыл U-16 қақпасына 3 гол соғып, матчты сенімді жеңіспен аяқтады. Келесі кездесуде U-17 командасы қарсыластарын толықтай басым түсіп, 11:0 есебімен турдың ең нәтижелі командасы атанды. Кештің басты ойыны – U-18 командалар арасындағы матчта Jas Qyran тағы да шеберлік танытып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 📌 Естеріңізге саламыз: Алдағы аптада командамыз Шымкенттік Ордабасы командасына қонаққа барады. Бұл маңызды матч туралы толық ақпаратты жақын күндері Instagram парақшамызда жариялаймыз. ✅ Командаға сәттілік тілейміз!

2012 ж. JAS QYRAN футбол командасы More футбол турниріне қатысып, 1 орын алды

2012 ж. Jas QYRAN футбол командасы Қонаев қаласында өткен more футбол турниріне қатысып, 1 орын алып, Ыстамбұлда өткен турнирге (Түркия республикасының 100 жылдығына арналған Турнир) қатысуға жолдама жеңіп алды. 1.Бесикташ (Түркия академиясы) 2.Галатасарай (Түркия академиясы) 3.Пендикспор (Түркия академиясы) 4.Картал спорт (Түркия академиясы) 5.Спартак Варна (Болгария академиясы) біздің балалар 3 ойын ойнады, нәтижесінде 2 жеңіліс пен 1 тең ойын , Жас Қыран командасы жартылай финалға шықпаса да, баға жетпес тәжірибе алды. Команда үмітін үзбейді, бұл жаңа жеңістерге жетуге ынталандыру! Сондай-ақ, Jas Kyran футбол орталығының басшылығына Қаниев Ғалымжан Сералиұлы атынан қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді .The 2012 JAS QYRAN football team participated in the More Football tournament, which was held in the city of Kunaev, where they took 1st place and won a ticket to participate in the tournament in Istanbul (A tournament dedicated to the 100th anniversary of the Republic of Turkey) 8 teams took part in the Tournament, 5 of them Academy teams. 1.Besiktas (Academy Turkey) 2.Galatasaray (Academy Turkey) 3.Pendikspor (Academy Turkey) 4.Kartal Sport (Academy Turkey) 5.Spartak Varna (Academy Bulgaria) Our guys played 3 games, as a result of which 2 defeats and 1 draw, the team of Zhas Kyran, although they did not reach the semifinals, but gained invaluable experience. The team does not despair, it is an incentive to go to new victories! I would also like to thank the Management of the JAS KYRAN Football Center, represented by Kaniev Galymzhan Seralievich, for financial support.